«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕНИНГИТ: ЖҰҚПАЛЫ АУРУҒА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Бүгінде аудан аумағында менингококк ауруының алдын алу мақсатында санитариялық ағарту, түсіндіру жұмыстарының айлығы өткізілуде. Мамандар аталған ауру күз-қыс айларында ауа-тамшылары арқылы таралып, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары күшейіп, аурушаңдықтың өршу қаупі жоғарылайтынын айтады.

Облыс аумағында осы жылдың 10 айында менингококк инфекциясының алғашқы 12 жағдайы тіркелген. Оның ішінде он жағдайы расталған. Сегіз жағдай зертханалық жолмен, 2 жағдай клиникалық жағдайда анықталған. Өткен жылы 10 айында зертханалық жолмен 1 жағдай ғана тіркелген. Ал аудан аумағында осы жылы менингококк инфекциясының жағдайлары тіркелмеген. Дегенмен ауданның санитариялық дәрігерлері тұрғындарды сақтануға шақырды.

Менингит – бас миы мен жұлынды зақымдайтын, өте майда микробтар-менингококктармен шақырылатын қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурулармен көп жағдайда 14 жасқа дейінгі, оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар ауырады. Менингококкты менингит жедел басталады, науқастың денесінде бөртпелер пайда болып, қатты бас ауру, құсу, жүрек айну, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі секілді белгілер пайда болады, — деді Мұғалжар аудандық санитарлықэпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Дәрігерлер менингококкты инфекцияның қоздырғыш көзі – науқас адам немесе катаральды белгілері бар бактерия тасымалдаушы екенін айтты. Инфекция негізінен ауалы-тамшылы жолмен түшкіру, жөтелу, әңгімелесу, ұзақ әрі тығыз қарым-қатынас арқылы беріледі. Дер кезінде дәрігерге жүгінбеген немесе емді кешіктіріп алған жағдайда менингит өте қауіпті асқынуларға айталық, кереңдік, эпилепсия, гидроцефалия, бала жетілуінің тоқтауы сияқты, тіпті өлімге де алып келуі мүмкін.

Менингиттің кейбір түрлерімен (менингококкты менингит, b типті геммофильді таяқшамен шақырылатын, пневмококк және паротит вирусымен шақырылған түрлері) Қаза-қстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алдын ала, жоспарлы түрде жасалатын екпелермен сақтануға болады. Сонымен бірге адамдар тығыз жиналатын орындарға көп бармау, жөтелу этикетін сақтау, қолды жиі сабынмен мұқият жуу, созылмалы фарингит, тонзиллит, ларингит сияқты аурулардан емделу, науқасқа таза ауада көп серуендеу, қоғамдық көлікке сирек отыру, витаминдер мен минералдарға бай азық түлікті пайдалану керек, — деді Ерлан Бүркітұлы.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан барысы-2024» турнирінің жеңімпазы офицер лауазымына тағайындалды

admin_mugalzhar

Биыл 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_mugalzhar

Сәлемдесу деген не?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.