Жаңа жылда өзгермеген төлем — ең төменгі жалақы мөлшері. Соған сай тұрғындардың өз денсаулықтары үшін төлейтін МӘМС төлемдерінің көбісі өзгеріссіз қалды. Бүгінде аудан аумағында тұратын тұрғындардың ішінде 52 мыңға жуығының денсаулықтары сақтандырылған. Бұның ішінде зейнеткерлер, көпбалалы аналар, балалар және мүгедектігі бар азаматтар бар. Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін төленетін жарна көлемі өзгеріссіз қалғанын айтты.
-Осы жылы өткен жылғыдай МӘМС үшін жұмыс берушілер 3 пайыз, жұмысшылар 2 пайыз аударады. Биыл біржолғы төлем мөлшері өзгерді. Ол 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өсті. Сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгерді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Сонымен біргежеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге, дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге, мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге. Тұрғындар МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады, — деді Айбек Сүгіров.
Н.КЕСІКҚҰЛ