«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Демалыс күндері елімізде аяз болып, боран соғады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 11-13 қаңтар аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Болжам бойынша, еліміздің солтүстік-шығысында және шығысында бұрқасынмен қатар қар жауады, республиканың қалған бөлігінде ауа райы жоғары қысымды алқаппен анықталады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 13 қаңтарда солтүстік циклонның тағы бір науқаны батыс облыстарға қарай жылжиды, олардан ылғалды қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады деп болжанады.

Ел аумағында жел күшейіп, тұман күтіледі.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде 8-18 градус аязға дейін төмендейді, шығыста термометр 10-27 градус аязға дейін төмендейді, республиканың қалған бөлігінде температураның күрт өзгеруі күтілмейді.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысының жылу беру маусымына дайындығы 92%-ке жетті

admin_mugalzhar

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

Енді оқушылар жыл соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.