«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеліктер Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алды

Бүгін, 14 қаңтарда аты аңызға айналған жерлесіміз Әлия Молдағұлованың қаза тапқанына – 81 жыл. Мерген қыз Ұлы Отан соғысы жылдарында 2-ші Балтық майданының 22-ші армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасында қызмет етті. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Новосокольники қаласының маңында көз жұмды. Осы жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күнінде еске алу шарасы өтіп, оның мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шарада облыс әкімі Асхат Шахаров сөз сөйледі.

Іс-шараға Әлияның немере ағасы Сапар Молдағұлов және басқа да туыстары, облыстық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, «AMANAT» партиясы мен облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыстық қорғаныс департаменті, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының, әскери бөлімдер және жергілікті жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ұқсас ақпараттар

Зейнетақы, әлеуметтік төлем: Қазақстан қарияларына қандай жағдай жасаған

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Богослов тас жолы бойында ауқымды сенбілік өтті

admin_mugalzhar

ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН

admin_mugalzhar