«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН

«ПАРАСАТ» АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІРЛЕСІП ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ «ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНЕ ЖӘНЕ «АЯЛА» АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ МҰҚТАЖ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН МЕРЕКЕЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар жандарға қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ мейірім мен жанашырлық құндылықтарын кеңінен насихаттау. Бұл бастама қоғамдағы өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға бағытталды. Шараға Мұғалжар аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Айдана Нағашыбай, “Қам-қор “ отбасын қолдау орталығының директоры Салтанат Сұлтанова және А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары, ерікті және белсенді жастар қатысты.
Кездесуде қобыз класының оқытушысы Гүлжан Иманбаева, дәстүрлі ән класының оқытушысы Гүлмира Тулеуова және дәстүрлі ән класының 1-сынып оқушысы Нұртас Өтепов өнер көрсетіп, кештің мазмұнын айшықтай түсті. Домбыра мен қобыздың қоңыр үні шараның шырайын келтіріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Демеушілік көрсеткен аудан кәсіпкерлері де игі бастамаға қолдау білдіріп, өз үлестерін қосты. Олардың демеушілігі мен жанашырлығы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік берді. Мереке барысында ерекше жандар мен балалар да өз өнерлерін ортаға салды. Ән айтып, би билеген олардың әрбір өнері көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Шара соңында ерекше балалардың ата-аналары ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Аталған кездесу мерекелік басқосу ғана емес, жүректерді жақындатқан, мейірім мен үмітті ұлықтаған, қоғамдағы өзара қолдаудың мәнін айқындаған тағылымды шара ретінде есте қалды.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

31 том: Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы құжатпен танысты

admin_mugalzhar

«Шаңырақ» бағдарламасына қатысыңыз

admin_mugalzhar

«URKER-2021» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.