«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда

Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.

Бүгін ҚР АШМ өкілдері мен инвесторлар арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ.

Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады. Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады, – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

Биыл облыста газдандырылған ауылдар саны 196-ға жетеді

admin_mugalzhar

БАРДЫ БАҒАЛАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

Венецияны енді су басып, халық әбігерге түспейтін болды

admin_mugalzhar