«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАРДЫ БАҒАЛАЙЫҚ!

Қандыағаш-Ақтөбе арасында автобус шыққалы 1 айға жақындады. Халық дән риза, әрине. Бұрын жанын шүберекке түйіп мінетін такси жүргізушілерінің дөрекілігіне төзіп, діттеген жеріне аман-есен жетуді армандайтын жұрт енді емін-еркін, әңгімесін айтып, ұйқысын қандырып, қалаға әндетіп жететін болды. Жолақысының сол таксиден екі есеге жуық арзандығын тағы қосыңыз.
Сонымен автобусымыз бар. Ол үшін жергілікті әкімдік қызметкерлеріне де, жолаушы тасымалдауға кіріскен «QALA TRANS» мекемесіне де алғысымыз шексіз.
Ендігі айтпағым басқа. Енді сол көліктің қадірін біліп, отырған жерімізді ластамай, кез келген ұсақ-түйекке арыз айтпай, барынша бағаласақ деген ұсынысым бар. Себебі қазірдің өзінде ара-тұра сол автобусқа көңілі толмай жатқандардың дегенін құлағым шалып қалады. Айтатындары: «ерте жүрмейді, кештеу қайтпайды, есік ашпайды, билет сатпайды…». Барлығы өз кезегімен оңалар. Уақыт берейік. Қолға алынғаны кеше ғана. Кезінде екі қаланың ортасына автобустар, одан кейін Газельдер жүрген кезде, өзіміз ұзақ жүреді деп мінбей, ақырында ол автобустар тоқтап қалған кезде, өкіндік емес пе?! Енді сол күнге қайтып келмеуді ойлайық! Барды бағалап, жақсы жағына өзгере түсуін шыдамдылықпен күтейік!

С.САНАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысының кей аудандарында оқушылар емтиханнан босатылады

admin_mugalzhar

ҚОЛА ТҮСТІ ҚОРЖЫНҒА

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» акциясы: Ақтөбеде мыңға жуық ерікті World Clean Up Day аясында бірікті

admin_mugalzhar