«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде қалыпты жағдайдағы жолдардың үлесі артты

Ақтөбе облысында жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 408 км құрайды, оның ішінде облыстың маңызы бар жолдардың үлесі – 1256 км, аудандық жолдар – 3152 км. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өткен жылы жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға 64,5 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражат есебінен 558 шақырымға жуық автомобиль жолдарының құрылысы басталды.

«2024 жылы 369 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар 189 шақырымнан аса қала мен ауылішілік жолдардың құрылысы басталды. Облыс орталығында 200-ден астам жол учаскелерін нормативтік жағдайға келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді» – деді басқарма басшысы Айбек Қайыр.

Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысында нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78%-ға жетті.

Ұқсас ақпараттар

35445 АДАМ ВАКЦИНА АЛСА, 18350 АДАМ РЕВАКЦИНАДАН ӨТТІ

admin_mugalzhar

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне үміткерлеріне газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АЯУЛЫМДЫ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ КҮТІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.