«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА КӨҢІЛ БӨЛМЕК

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР НҰРСҰЛТАН ТАЙТАҚОВ ӨЗІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ.
Ол Қандыағаш өнеркәсіптік — экономикалық колледжінде болып, оқу орнының ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Қандыағаш қаласындағы бірқатар мәселелерді шешу жолында жұмыстар жүргізетінін жеткізді. Сонымен бірге қаладағы инфрақұрлымдардың жұмысын жақсартуға, халыққа тиселі жерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, коммуналдық қызметтің жұмыс аясын кеңітіп, уақытылы қоқыс қалдықтарын шығаруға, қалаішілік бағыттардағы автобустарды көбейтіп, қала тұрғындарының жол қатынасын реттеуді жолға қоятынын айтты.
Мен бүгінде ауданның кәсіпкерлік саласында жұмыс жасаймын. Қала бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлерге қандай қолдау керек екенін білемін. Кәсіпкерлікті дамытуда елеулі жұмыстар атқаруды жоспарлап отырмын. Мені қала әкімі ретінде сайласаңыздар, қала тұрғындарының жайлы аулада, таза қалада, өмір сүрулеріне мүмкіндік жасаймын, — деді Нұрсұлтан Тайтақов.
Жиын соңында сайлаушылар үміткерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, қолдайтындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

admin_mugalzhar

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

admin_mugalzhar

Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.