«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайтарылды

Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, басқосудың негізгі мақсаты – Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогын табыстау.

Вэл Баркер Кубогі – Олимпиада Ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде. 2004 жылы Афинадағы бәсекеде чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды.

Артаев өз кубогын бірнеше жыл бұрын халықаралық ұйымға тапсырып, осы мәселе шешімін таппаған еді.

Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені қайтару үшін нақты қадамдар жасады. Осылайша, Вэл Баркер Кубогы өз иесін тапты.

Ұқсас ақпараттар

Енді 17 желтоқсан Қазақстанда жұмыс күні болады

admin_mugalzhar

СТУДЕНТТІК ӨМІР ЕҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІ… ЕРКЕ ШАҒЫМНЫҢ

admin_mugalzhar

«Ақтөбе-Атырау» тас жолы жақын арада пайдалануға беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.