«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨЛІКТІ 5 МИНУТТАН АРТЫҚ ҚЫЗДЫРҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ ЖОҚ БОЛЫП ШЫҚТЫ

Бұл туралы депутаттардың автокөлікке қатысты мәселені ІІМ-мен бірге талқылағанында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Мәжіліс депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері, Ішкі істер министрлігінің азаматтарды шатастыратын резонанстық ақпаратқа жедел әрекететуінің маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, көлікті бес минуттан артық жылытуға айыппұл салынатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылды.
Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көлікті бес минутта толық жылыту мүмкін емес. Егер жүргізушілер суық көлікпен жолға шықса, бұл көліктің бұзылуына әкелуі мүмкін, ал жөндеу қосымша қаржылық жүктеме болмақ.
Өз кезегінде Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха жол қозғалысы туралы заңдағы «бес минут» нормасы тек «тоқтау» мен «тұрақ» ұғымдарын ажырату үшін енгізілгенін түсіндірді.
-Көлікті жылыту туралы заңда бес минуттық шектеу көрсетілмеген. Тұрғындарға қолайсыздық тудырған жағдайда ғана елді мекендерде қозғалтқышы қосулы тұрған көліктің тоқтауына тыйым салынады. Бұл норма бойынша жауапкершілікке тек тұрғындардың шағымы негізінде тартылады. Өткен жылы мұндай үш жағдай тіркелді, оның біреуін прокуратура жойды. Демек, біз қозғалтқышты жылыту үшін ешкімді жауапкершілікке тартпаймыз. Бұл – қолдан жасалған мәселе, – деп сендірді вице-министр.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды

admin_mugalzhar

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

admin_mugalzhar

Қазақстандық хоккейшілер Универсиадада қола жүлдеге ие болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.