«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Қазгидромет» су басу қаупі жоғары өңірлерді атады

Еліміздің 9 облысы көктемгі тасқын судан зардап шегуі мүмкін. «Қазгидромет» осындай болжам жасады, — деп жазды qazaqstan телеарнасына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Сараптама кезінде ауа райы, ылғал мөлшері, жердің беткі қабатының қату қалыңдығы ескерілген.

Қауіп деңгейі 3 санатқа бөлінді. Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында су тасқыны қаупі жоғары екені анықталды. Дегенмен бұл нақты болжам емес.

Синоптиктер мәліметінше, ауа райына байланысты қауіпті аймақтар тізімі өзгеруі де мүмкін.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІДЕ ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar

Ораза кезінде иммунитет төмендеп кетпеу үшін не істеу керек? Маман айтты

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы: «Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ»

admin_mugalzhar