«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Ұлттық қор – балаларға»: болашақ үшін жасалған ұтымды бағдарлама

Кейінгі жылдары мемлекеттің балалар­ға қамқорлығын байқататын маңызды бас­тамалар көптеп көрініс беріп жатыр. Бұл қатардағы бірегей бағдарлама – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы. Президенттің ұсынған бұл бастамасы, расында, балаларды болашағымыз деп білетін әділетті қоғамның қисынды қадамы болмақ.

Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шешіп алуға болмайды. Жиналған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Мемлекет басшысының айтуынша, Ұлттық қор, шын мәнінде, халқымыздың игілігіне қызмет етіп, бұдан бөлінген үлес өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына жолдама береді.

Аслан Нұржауғанұлы, Қандыағаш қаласының тұрғыны

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді

admin_mugalzhar

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫ — ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

admin_mugalzhar

Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді. 2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді

admin_mugalzhar