«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжарда алтын фабрикасы салынады

Мұғалжарда өндіріліп жатқан алтынның шикізат өнімі енді Ресейде емес, өзімізде өңделетін болады. Осыған байланысты, биылғы жылы ауданға қарасты Алтынды ауылында алтын фабрикасының құрылысы басталып кетті.  Бұл туралы Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов жұма күні ауданның кәсіпкерлері бас қосқан І бизнес фестивалінде айтып кетті. 

Қазақстанда алтын шығаратын 9 кен орны болса, соның бірі Мұғалжар ауданына қарасты Қайыңды ауылдық округінің Алтынды елді мекенінде орналасқан. Аудан басшысының айтуынша, бұған дейін бұл елді мекендегі кен орнынан шығарылған шикізат өнімдері Ресейге жөнелтіліп, сол жақтан өңделетін еді. Биылғы жылдан бастап Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың ықпалымен шағын елді мекенде үлкен фабрика салына бастады. Қолға алынған құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Оған қомақты инвестиция құйылған. Ауқымды жоба іске қосылса, 700-ге жуық жұмыс орны ашылып, ауданның салық түсімі де олжалы болмақ.

-Бұл жергілікті халықтың несібесі. Осындай ауқымды жобалар арқылы жергілікті бюджетіміз қомақтыланып, көптеген әлеуметтік мәселелеріміз шешімін табады. Жалпы қай уақытта да біз жер асты қазба байлықтарын тиімді пайдалана білуіміз керек. Мұның барлығы елдің игілігі үшін, — деді аудан әкімі Ербол Данағұлов аталмыш фестивалдің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Әнуар ЕСҚАРА

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

admin_mugalzhar

ЕМБІ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ УЧАСКЕСІ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан халқы желтоқсан айында қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.