«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАМҚОР» АКЦИЯСЫ: ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – халықтың әл-аухатын арттыру және тұрғындарды жұмыспен қамту. Осы аталған міндеттердің орындалуын жүзеге асыратын аудандық мансап орталығы «Қамқор» акциясын жүзеге асыруда.

Аталған акция аясында мансап орталығының сектор меңгірушісі Венера Урумбаева мен маман Жұлдыз Орынбасар тұрғындар көп шоғырланатын аумақтарды аралап, “Қазақстан Республикасының Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” аясында бос жұмыс орындары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алу уақытша жұмыс орындары және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ЖОСПАР – 1680 БАС ҚАҢҒЫБАС ЖӘНЕ ҚАРАУСЫЗ ИТ-МЫСЫҚТЫ АУЛАУ

admin_mugalzhar

Қазақстан дінаралық және этносаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының әкімдігі мен Башқұртстан Үкіметі арасында меморандум бекітілді

admin_mugalzhar