«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОСПАР – 1680 БАС ҚАҢҒЫБАС ЖӘНЕ ҚАРАУСЫЗ ИТ-МЫСЫҚТЫ АУЛАУ

АУДАНДА ҚАҢҒЫБАС ЖӘНЕ ҚАРАУСЫЗ ЖАНУАРЛАРДЫ АУЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ. АУЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН «ҚАЛДЫҒҰЛОВА» ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІГІ ЖҮРГІЗУДЕ.

Мердігер мекеме мамандарының айтуынша, аудан бойынша жалпы саны 1680 бас қаңғыбас және қараусыз ит-мысықтарды аулау жоспарланған. Аудан орталығы Қандыағаш қаласынан басталған жұмыстар кезең-кезеңімен барлық елді мекендерде жалғасады.
Қандыағаш қаласында ит-мысықты аулау шаралары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы заңнама-
сының талаптарына сәйкес, яғни жануарлар адамға немесе басқа жануарларға қауіп төндірген жағдайда жүзеге асырылады.
Аулауға арнайы құрылған 4 маманнан тұратын бригада жұмылдырылды. Нәтижесінде Қандыағаш қаласы бойынша 187 бас ит және 8 бас мысық ауланды. Жануарларды аулау жұмыстары
тұрғындардан келіп түскен өтінімдер негізінде және бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, — деді мердігер мекеменің өкілі Жұмагүл Қалдығұлова.
Мамандар аудан тұрғындарына үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу үшін маңызды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

НҰРБАҚЫТ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда баспана жалдауға субсидия беріледі: Өтінім қабылдау іске қосылды

admin_mugalzhar

ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕКТЕНУГЕ МІНДЕТТІМІЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.