«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Облыс әкімі ERG Ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығының жаңа зертханасының жұмысымен танысты

Хромтау ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров Хромтауда орналасқан ERG Ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығының жаңа зертханасына барды.

Бұл заманауи ғылыми кешен қолданбалы зерттеулер жүргізуге және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді сынауға арналған.

Әкім заманауи технологиялар мен жабдықтардың арқасында минералды шикізатты өңдеу әдістерін әзірлеуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін зертхананың жабдықталуымен танысты. Бұл зертхана –қазіргі технологиялық процестерді қолдап қана қоймай, сонымен қатар өндірістің тиімділігі мен тұрақтылығына тікелей әсер ететін инновациялық шешімдерді құрудың орталығы.

Зертхана директоры Гүлнұр Әбікенова жобаның құны 928 млн теңгені құрағанын, қазір мұнда минералды шикізатты байыту саласында ғылыми зерттеулермен айналысатын 8 адам жұмыс істейтінін жеткізді.

Асхат Шахаров өңірдегі ғылым мен техниканы дамыту үшін осындай бастамалардың маңызына тоқталып, компанияға Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға көмектесетін инновацияларға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ұқсас ақпараттар

ҚАРАКӨЛДЕ МЕКТЕП ПЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды

admin_mugalzhar

РУХАНИ КЕШ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІСІНЕ АРНАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.