«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Серік Жұманғарин ҚҚС-ты көтеру кімдерге қатысты болмайтынын нақтылады

KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық реформаның кімдерге қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Осы бастамалар аясында (салық реформасы) көптеген сарапшы пайда болғанын көрдік, түрлі мәлімдемелер жасады. Мәселен, кеше ғана өңірлердің бірінде дүкен иелері пікірін айтқан… Біз үнемі халықпен тікелей жұмыс істейтіндердің барлығына – бөлшек сауда нысандарына, яғни соның ішінде үй жанындағы дүкендерге, дүңгіршектерге, мейрамханалар мен шаштараздарға бұл реформа әсер етпейтінін айтып келеміз. Олар бөлшек сауда режимінде жұмыс істеген тәртіпте қызметін жалғастыра береді. Атап айтқанда, олар үшін өзгермейді, — деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол ҚҚС мәселесі қай бағытты қамтитынын айтты.

— Бұл реформа бөлшектеніп кеткен бизнестің белгілі бір бөлігіне ғана қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істеп, базарда сауда жасайтындарға бұл реформаның әсері жоқ, бөлшек сауда салығы өзгеріссіз қалады, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Еске салсақ, жақында Серік Жұманғарин қосымша құн салығы шегін неліктен көтеру қажет екенін түсіндірді.

Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ.

https://kaz.inform.kz/news/serk-zhumangarin-kks-ti-koteru-kmderge-katisti-bolmaytinin-naktiladi-0b796e/

Ұқсас ақпараттар

Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар 27 елге тікелей ұша алады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.