«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді.
Olympic.kz мәліметінше, Қазақстан атынан эстафеталық жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.

Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жарыстан шеттетілді.

Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Харбинде шорт-трекшілер үш медальға ие болды, олардың барлығын эстафеталық жарыстарда еншіленді.

Ұқсас ақпараттар

АУДАННЫҢ БАС САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

200-ден астам мұғалжарлық баспаналы болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.