«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жолдауынан
Өткен жылдың көктемінде басталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы биыл да жалғасын табуда. Себебі Мемлекет басшысы аталған акцияның уақытша науқан еместігін, жыл бойы жалғасатынын, ал оның орындалуы әкімдерден талап ететінін айтып, нақты тапсырма берген еді. Бүгінде ел бойынша аталған акция аясында түрлі іс шаралар атқарылып, жүйелі жұмыс жасалуда. Ал аудан аумағында бұл экологиялық акцияның жүзеге асырылуы қандай деңгейде? Баршаға ортақ міндет саналатын тазалық акциясына мұғалжарлықтар қаншалықты үлес қосып, жанашырлық танытуда? Ендеше, осы сұрақтар төңірегінде төменде тарқатамыз. Сонымен…
ТАЗАЛЫҚ – САҚТАҒАН ЖЕРДЕ
Өзектілігін жоғалтпайтын екі ереженің бірі — тәртіп болса, екіншісі – тазалық. Екеуі де бұл ережелерді сақтаған жерде болатыны сөзсіз. Осы орайда «Таза Қазақстан» акциясының да мақсаты — осы аталған ережелерді ұстана отырып, еліміздің табиғаты мен қоршаған ортаны қорғап, экологиялық мәдениетті және адамдардың өзіне деген құрметін арттыру. Бұған дейін де аудан аумағында сенбілік айлықтар ұйымдастырылып, елдімекендерді көркейту жолында жүйелі істер атқарылды. Десе де, аудан орталығы Қандыағаш қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі әлі де өзектілігін жоймай отыр. Қала көшелеріне он-ондап қоқыс жәшіктері қойылып, сырты қоршалса да, тау-төбе болып үйілген қоқысты жиі байқаймыз. Сол үйілген қоқысқа мойнымызды сәл созып, қоршау ішіне үңілсек, бос тұрғанқоқысжәшіктердідекөреміз. Бұл жәшік неге бос? Себебі біз қоршау ішіне кіріп, жәшікке салуды жөн көрмей, желкедегі жалқаулығымыз тартып, қолымыздағы қоқыс қапшығын есік жанына қойып кетеміз.
Енді бұл жер ит пен мысықтың азық алаңына айналып, шашылып, «пакеттер» желмен ұшып, жүрер жолымызға төселеді. Қала ішін жаяу аралап, ойпаңдау жерден өтіп бара жатып, әкелініп тасталған тұрмыстық қатты қалдықтарды көзіңіз шалған болар. Ал жеке кәсіпкерлік нысандардың жанынан ұшқан полиэтилен қапшықтар мен түрлі тағамдардың қағаздарын байқаған боларсыз. Бұл көріністерді көрген сәтте орыстың «Тазалық — тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде» деген мақалы еске еріксіз түседі. Бұл даналыққа терең үңіліп, біз мекен ететін жердің таза әрі көрікті болуы өзімізге тікелей байланысты екенін айтқымыз келеді.
ҚАНДЫАҒАШ: «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
Қала көрінісін айттық. Енді экологиялық акцияның аудан аумағында ұйымдастырылуы жөнінде тарқатайық. Алдымен аудан орталығы Қандыағаш қаласынан бастағанды жөн көрдік. Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула» акциясы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сенбілік жұмыстарына қала тұрғындары жаппай жұмылдырылуда.
— Біз қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің кооператив мүшелерімен сөйлесіп, әр тұрғын өз ауласын жинау қажеттігін ескерттік. Аталған жұмыс жүйелі атқарылуда. Тұрғындар өздері шығып, аулаларын жинауда. Ал ауладан жиналған қоқыстарды алып кету әкімшілік тарапынан жүргізіледі. «Таза аула» акциясы аясында жыл басынан бері 62 тонна қоқыс шығарылды. Аталған шараға төрт арнайы техника жұмылдырылды. Одан бөлек қала аумағында өтетін сенбілік жұмыстарға қала бойынша 53 мекеменің қызметкерлері атсалысады. Қандыағаш қаласы бойынша 240 қоқыс жәшіктері қойылды. Қоқыстарды жинауға жауапты мекеме – «Taza Qala Kandyagash» ЖШС-і. Бұл мекеме жиналған қоқыстарды арнайы техникамен қоқыс полигондарына шығарады, — деді Қазбек Аққайыр.
Қала әкімінің сөзінше, қаладағы суағарларды тазарту жұмыстары бойынша қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан мемлекетті сатып алу порталында хабарландыру жарияланып, жеңімпаз анықталған. Алдағы уақытта жеңімпаз атанған «Кәусар» жеке кәсіпкерлігі тарапынан қаладағы барлық суағарлар тазартылады. Қала аумағындағы жиналған қарды сыртқа шығару бойынша да жұмыстар атқарылуда. Қала көшелерін қардан тазалау жұмыстарын 2 мердігер мекеме жүргізеді. Олар – «ТранзиПром», «Kalau Plus» ЖШС-тері.
— Қала аумағындағы көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүйелі атқарылуда. Автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдары уақытылы тазаланып жатыр. Көктем кезінде су басу жағдайын болдырмау үшін қала көшелеріндегі қар үйінділерін сыртқа шығару — өте маңызды. Сол себепті қала әкімдігі тарапынан қосымша 500 рейс қар шығаруға және суағарларды тазалауға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру жарияланды. Бүгінде мердігерлер анықталды. Алдағы уақытта бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жақында «КӨКТЕМ 2025» республикалық командалық оқу-жаттығу өткіздік. Аталған шара барысында көктемгі су тасқыны орын алған жағдайда тартылатын арнайы техникалар мен құрал жабдықтардың дайындығын қарап, жүйелі жұмыстардың жоспарын пысықтадық. Қалаішілік қар шығару мен арықтарды тазалауға жауапты мекемелердің техникаларын қарадық, — деді қала әкімі Қазбек Тілеуханұлы.
Ол «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктем мезгілінде қала көшелерін абаттандыру бойынша тал көшеттері отырғызылатынын айтты. Сонымен бірге қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жалғастырып, талдарды ақтау, көше және саябақтарда орналасқан орындықтарды, бағаналарды бояу, қоршауларды сырлау бойынша жүйелі жоспардың барын жеткізді.
ЕМБІ: ЕРІКТІЛЕР СУАҒАРЛАРДЫ ТАЗАРТУДА
Өткен жылы күз айында Ембі қаласы аумағы бойынша 32 ауладан 130 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы орындарға шығарылған. Сенбілік жұмыстарына жалпы саны 1165 адам жұмылдырылған. Абаттандыру бойынша қала аумағына 800 көшет отырғызылған. Қала әкімінің орынбасары қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға және тәртіпті сақтауға бағытталған жұмыстар көктем айларында да жалғасын табатынын жеткізді. Ембілік еріктілер бүгінде «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосуда. Олар қала аумағындағы суағарларды қардан тазалап, қоқыстарын жинауда. Сонымен бірге зейнеткерлерге де көмек беріп, аулаларындағы қарды аршуда.
—Қайырымдылық шараларына Мұғалжар аудандық №2 пробация кызметінің есебінде тұрған азаматтар мен еріктілер қатысуда. Сондай-ақ «Отбасы» апталығын ұйымдастырудамыз. Аталған апталық аясында сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Сенбілікке қала тұрғындары жаппай жұмылдырылып, өз аулалары мен тұрғын үйлерін тазартып, атсалысуда. Бұл сенбіліктің мақсаты – отбасы мүшелерінің бірбіріне көңіл бөліп, қамқорлық жасап, қолдау көрсетуіне мұрындық болу, — деді Ембі қаласының орынбасары Иманбай Қосмұхамбетов.
Оның сөзінше, өткен жылдың аяғында қалажолдарын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу порталына ашық хабарландыру жарияланып, мердігер мекемелер анықталған. Жолдарды күтіп ұстап, қыс мезгілінде көшелерді қардан тазалауға бюджеттен биыл 80 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінде қала көшелері тұрақты тазартылып, жиналған қарлар сыртқа шығарылуда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ҚОСЫМШАСЫ – МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК
ҚР азаматтары eGov Mobile мобильді қосымшасында «Таза Қазақстан» жаңа сервисін пайдалана алады. Функция әрбір қазақстандыққа смартфонның көмегімен өз қалаларын абаттандыру және экология мәселелері туралы хабарлауға мүмкіндік береді. «Таза Қазақстан» сервисінің көмегімен eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары проблемаларды фотосуретке түсіріп, әрі қарай шешу үшін жауапты құрылымдарға ақпарат бере алады. Пайдаланушыларға жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, сондай-ақ қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша өтінімдер қолжетімді. Өтінім берілгеннен кейін барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі, ол оны жіктейді және орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Орындаушы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша фотосуретпен және түсініктемемен кері байланыс береді. Өтінім орындалғаннан кейін пайдаланушы орындалған жұмыстың сапасын бағалай алады және бұрын берілген барлық өтінімдерді көре алады.
ЖЕМ: ҚҰЛАҒАН ҒИМАРАТ ҮЙІНДІЛЕРІ ШЫҒАРЫЛҒАН
«Таза Қазақстан» акциясы Жем қаласында да жүйелі жүргізілуде. Өткен жылы қала аумағындағы құлаған ғимараттардың үйінділері сыртқа шығарылып, орындары толығымен тегістелген. Қала әкімі бұл жұмыстардың барлығы демеушілік бойынша жүргізілгенін жеткізді.
—Жем қаласында экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Аталған жұмыстарға қала тұрғындары, қала аумағындағы мекеме қызметкерлері жұмылдырылады. Қаланың көшелерін қардан тазалау жұмыстары да жүйелі атқарылуда. Күз мезгілінде қала көшелері арамшөптер мен кепкен жапырақтардан тазартылып, 250 тонна қоқыс арнайы алаңдарға шығарылды. Қала аумағына жалпы саны 241 көшет отырғызылды. Ал жолдарды күтіп ұстауға бюджеттен 8 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қала көшелері уақытылы тазартылуда. Қала аумағындағы суағарларды қардан және қоқыстан тазалау жұмыстарын наурыз айында бастауды жоспарлап отырмыз, — деді қала әкімі Жұматай Бисенов.
—Жем қаласында жалпы саны 11 көпқабатты тұрғын үй бар. Бұл үйлерге арнайы қоқыс жәшіктері қойылмаған және қоқысты шығаруға жауапты мекеме де жоқ. Қала басшысы 4-5 тұрғын үй үшін арнайы қоқысқа арналған үлкен бетон құдығының қойылғанын жеткізді. Бұндай құдық Жем қаласы бойынша төрт жерге қойылыпты. Тұрғындар қоқыс қалдықтарын осы құдыққа төгеді. Ал оны сыртқа шығару — қала әкімдігінің жауапкершілігінде.
КТО В ОТВЕТЕ ЗА МУСОРНЫЕ СТОЯНКИ?
Не первый год горожане пишут журналистам о несвоевременном вывозе мусора с мусоросборников. Жители райцентра возмущаются образующимися стихийными свалками рядом с контейнерными площадками. Все это, по их словам происходит вследствие несвоевременного вывоза мусора. Горожане требуют, чтобы контейнеры были очищены, а вот компании вывозящие мусор требуют сто процентной оплаты от горожан. Почему рядом с контейнерами образуются свалки? Здесь 2 причины. Либо не хватает контейнеров, либо перевозчики недобросовестно выполняют свою работу. Об этом мы спросили у заместителя акима города Кандыагаш Каната Мусина. По словам чиновника, на сегодняшний день в городе установлены 265 контейнеров. «Если раньше вышеуказанные контейнеры обслуживали 7 перевозчиков, то сейчас осталось — 4. Это индивидуальные предприниматели Токин, Шаймерден, Саламат и ТОО «Таzа Qala Qandyagash». Они обслуживают данные контейнерные площадки за счет средств жителей, абонентов», — делится заместитель акима города Кандыагаш Канат Мусин.
Мусорные площадки города, обслуживаются на каждодневной основе. Однако, в старой части города, жители близлежащих частных домов незаконным путем вывозят и складируют рядом с контейнерами не только бытовой мусор, но и обрезанные сухие деревья, строительный мусор и старую мебель. В некоторых районах отсутствуют контейнеры, но не из-за их нехватки. Сами жители просят не ставить их, потому что туда начинают выбрасывать мусор те жители, которые за него не платят. В этих районах мусор вывозят по графику. Есть определенная договоренность между индивидуальным предпринимателем и абонентом, поэтому в этих районах нет необходимости в установке мусорных контейнеров. «Что касается вывоза мусора, тоу каждого перевозчика свой график. У кого-то 1 раз в день, у кого-то 2 раза в день. Например, у ИП Токина, точек сбора поменьше, а домов больше. Из-за большого скопления мусора, ему приходится вывозить мусор — 2 раза в день. К примеру, мусор с мусорной площадки расположенной около дома №20 микрорайона «Дружба» вывозится 1 раз в день. Там вывоз мусора осуществляет компания «Таzа Qala Qandyagash». Из-за того, что у данного перевозчика большое количество точек, он обслуживает каждую из них лишь 1 раз в день. Воскресенье у перевозчиков – выходной день. Кстати, в этот день, вернее с воскресенья на понедельник у нас и возникают сложности. В выходной день и у перевозчиков и у горожан – выходной. Чтобы мусорные площадки, не портили эстетический вид города, в прошлом году мы их загородили. Сейчас по городу 15 огражденных мусорных площадок. Всего по городу около 50-ти мусорных площадок» — делится Канат Мусин. На сегодняшний день руководство ТОО «Таzа Qala Qandyagash» приобрело спецтехнику «Шахман» для евро контейнеров. В этом году было установлено 22 евро контейнера. Проблемы нехватки контейнеров как таковой нет. Есть проблема переделки контейнера. Материал евро контейнеров крепче, а старые контейнеры постоянно разрываются. По словам директора предприятия Алии Жубанышевой, ТОО «Таzа Qala Qandyagash» образовалось в 2023 году. Сегодня в организации трудятся 12 человек. Ранее предприятие оказывало услуги по вывозу мусора только юридическим лицам. «С прошлого года, стали вывозить мусор с городских контейнеров. Тогда принимали с горожан за вывоз мусора по 600 тенге. С этого года мы стали заключать договора с абонентами. На сегодняшний день уже заключено порядка 300 договоров. Оплату горожане производят через приложения Каспий и Халык, вместе с тем, можно произвести наличный расчет в офисе. Мы находимся в Торговом доме «Asul». Кстати, согласно договора, мы берем 225 тенге с человека. Конечно, есть и те, кто не платит. К примеру, 48 владельцев квартир в микрорайоне «Самал», задолжали нам 60 тысяч тенге. Это только данные по одному дому. А у нас десятки домов. В зону обслуживания входят дома №3, 3А, 5А, 6, 7, 10, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 30А, 31, 37А, 37Б, 38А, 38Б, 39А, 39Б, 40, 41, 44, 45, 46, 47, 48, 49А, 49Б, 50, 78, 79, 80, 81, а также частные дома и коммерческие объекты в мкр-не «Жастык», дома №13, 14, 20, 21, 22, 23 и коммерческие объекты расположенные на территории мкр-на «Достык», дома №114, 115, 116 в мкрне «Самал»-1, дома№114, 115, 116 в мкр-не «Самал»-2, многоэтажные дома №19, 21, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, а также частные дома и коммерческие объекты по ул. Жамбыла, дома №4, 10, 12, 14 по ул.А.Байтурсынова, дома №69,70,71поул.Т.Байкунова, дома №3, 5, 7, 9 по ул. С.Шынтасова, дома№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 поул.Ю. Гагарина, многоэтажные дома по ул.Н- .Байганина и ул. А.Жубанова», — поделилась Алия Жубанышева. Теперь согласно договора заключенном между ТОО «Таzа Qala Qandyagash» иабонентом, руководство предприятия будет в принудительном порядке изымать долги.
СКОЛЬКО СТОИТ МУСОР?
Как известно в Кандыагаше действует лишь один мусорный полигон. По словам директора ТОО «Ж.Е.С» Серика Абилхана, общая территория мусорной свалки составляет порядка 2500 гектар. Стоимость приема мусора зависит от его объема. «К примеру за тележку мусора присоединенной к легковому автомобилю мы берем 1000 тенге, за «Газель» мусора – 3000 тенге, за «ЗИЛ» мусора – 4000 тенге, а за «КАМАЗ» мусора – 7000 тенге. За тонну мусора юридические лица платят – 10500 тенге. В настоящее время в ТОО «Ж.Е.С» работает 10 человек. Не считая бухгалтера, это водители, весовщик и рабочие, которые занимаются сортировкой мусора. Мы сами ничего не перерабатываем, а только собираем, делим и прессуем, подготавливая к переработке пленки и пластиковые бутылки, картон и макулатуру, железные банки. На полигоне есть два пресса. Прессованный мусор забирают сами. В основном это — посредники. Потом сами в Россию или в Атырау отправляют. Кажется, там есть заводы, где отходам дают вторую жизнь», — поделился он.
КУДА ВЫВОЗИТЬ СТРОИТЕЛЬНЫЙ МУСОР?
После окончания ремонтных работ всегда остаются строительные отходы. Выбрасывать в мусорные баки на улице запрещено на законодательном уровне. Строительный мусор, обрезки деревьев, поломанную мебель нужно вывозить самостоятельно на городскую свалку. По словам заместителя акима города Кандыагаш Каната Мусина в период 2-хмесячника по санитарной очистке и благоустройству, прием мусора на полигон — бесплатный.
В БЮДЖЕТ ОТ ШТРАФНИКОВ ПОСТУПИЛО
По данным заместителя акима города Кандыагаш Каната Мусина, специалистами горакимата, совместно с участковыми инспекторами отдела полиции проводятся рейдовые мероприятия в частном секторе. Ведутся разъяснительные работы среди предпринимателей о том, что в обязанности предпринимателей входит и очистка территории, перед их объектами. По словам начальника местной полицейской службы районного отдела полиции Самата Абдирова в прошлом 2024 году согласно статьи 505 Кодекса об административных правонарушениях были привлечены к ответственности — 219 человек. В прошлом году сумма наложенных штрафов составила — 2 732 080 тенге. Задержанные впервые — отделались предупреждением. На тех, кто нарушил закон вновь, были наложены штрафы. С начала этого года было заполнено предписаний на 20 нарушителей, тем самым в бюджет района поступило 196 600 тенге.
Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ, Асел АБДАНБАЕВА