«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕШ АҚЫНҒА АРНАЛДЫ

Ембі қалалық кітапханасы мен мектеп кітапханасының қызметкерлері «Мәңгілік жыр» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Мұқағали Мақатаевқа арналған кешке Ембі қалалық №3 орта мектебінің оқушылары және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты. Кітапханашылар Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялатып, оқырмандардың поэзияғадеген қызығушылығы мен көркемсөз оқу шеберлігін арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландырып, тәрбиелік мәнін түсіндіру мақсатында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, бейнеролик көрсетті.

Ал оқушылар ақиық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, арнайы додокадрдағы сұрақтарға тұщымды жауаптар берді. Сондай-ақ кеште Мәдени орталықтың «Асыл әжелер» тобы «Есіңемені алғайсың», ал Гүлназ Жоламанова «Сенің көзің» әндерін шырқап, көпшілікті тәнті етті. Әдеби-сазды басқосуда оқушылар қазақ поэзиясында өз қолтаңбасын қалдырғанМұқағалиМақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін де жан-жақты көрсетіп, поэзия әлеміне сыр шертті.

Кеш соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» — АДАЛДЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

admin_mugalzhar

Алғыспен ел көгереді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының жылу беру маусымына дайындығы 92%-ке жетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.