Мұғалжар аудандық ауруханасының Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында командалық рухты нығайтып, ұжымда жағымды атмосфера құру және эмоционалды күйзелістің алдын алу мақсатында «Қысқы демалыс» атты тимбилдинг ұйымдастырылды.
3 бөлімнен құрылған тимбилдингте “Жұмыс барысында эмоционалды күйіп кетудің алдын-алу» жөнінде түсінік беріліп, қысқы эстафеталық топтық ойындар ұйымдастырылды. Ойыннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, таратылған ыстық шай мен бауырсақтан ауыз тиді.
—Жалпы ұжым арасында көптег ен жұмыстар жүргізілуде, дегенмен мұндай жана форматтагы тимбилдинг алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта күйзелістен туындайтын түрлі аурулардың алдын алу үшін өткізілетін түрлі іс-шаралар жалғасатын болады, — дейді Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Жаналтын Молдашева.