«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 95-орында тұр

Тіркелген кең жолақты интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан (Алматы) 95-орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

2025 жылдың қаңтарындағы мұндай деректерді интернет жылдамдығын анықтауға арналған веб-сайттардың бірі Speedtest ұсынады.

Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда оңтүстік астана 8 позицияға көтерілген, елордамыз өз орнын сақтап қалды (97 орын). Ал Бағдат Мусин кезінде салыстырған Токио 194,46 Мбит/с жылдамдықпен 37-орынға табан тіреді. Біз ТМД елдері арасында Ресей (77-орын) мен Киевтен (83-орын) қалып отырмыз.

ТМД елдері бойынша көрсеткіш:

Мәскеу, Ресей – 77 орын (95,62 Мбит/с)
Санкт-Петербург, Ресей – 85 орын (92,81 Мбит/с)
Минск, Беларусь – 101 орын (83,66 Мбит/с)
Бішкек, Қырғызстан – 112 орын (72,77 Мбит/с)
Ташкент, Өзбекстан – 105 орын (82,08 Мбит/с)
Самарқанд, Өзбекстан – 109 орын (75,91 Мбит/с)
Баку, Әзірбайжан – 115 орын (67,75 Мбит/с)
Ереван, Армения – 114 орын (69,02 Мбит/с)
Киев, Украина – 83 орын (93,73 Мбит/с)
Харьков, Украина – 93 орын (87,12 Мбит/с)
Ең жылдам қалалар:

Абу-Даби, БАӘ – 331,46 Мбит/с
Вальпараисо, Чили – 327,31 Мбит/с
Лион, Франция – 326,76 Мбит/с
Жылдамдығы ең төмен қалалар:

196. Гавана, Куба – 3,18 Мбит/с
197. Дамаск, Сирия – 2,59 Мбит/с
198. Алеппо, Сирия – 1,99 Мбит/с

Ұқсас ақпараттар

“КӨКТЕМ-2025”: ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ — МАҢЫЗДЫ!

admin_mugalzhar

ҚМДБ: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

admin_mugalzhar

«Шалқар-Қандыағаш» автожолының 20 шақырымы аяқталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.