«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАУІПСІЗ ЖОЛ: ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жем стансасы ЖПб-нің бастығы полиция майоры Талғат Иманқұлов патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Жем станциясындағы №3 белгі беру дистанциясы қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде темір жол бойының қауіпті аймақ екендігі және темір жол бойымен өту кезінде арнайы өткелмен өту қажеттігі, Ресей Федерациясының аумағында “гармала қарапайым” (адыраспан) өсімдігін пайдаланғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін ол елдің заңнамасы бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліке тартылатыны туралы және интернет алаяқтық бойынша сақтық шаралары бойынша жүргізілетін жұмыстар жайында айтылды. Оның ішінде бөгде адамдарға банк карточкасының сандарын айтып, смс хабарламаларға жауап берудің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді

admin_mugalzhar

ЕМБІ: ЖОСПАРДА — 800 ТАЛ КӨШЕТІН ОТЫРҒЫЗУ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

admin_mugalzhar