Ембі қаласында да республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылуда.
Қала әкімі Райымбек Мұсағалидің айтуынша, шараға мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, білім беру саласының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысып, қаланың әр аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуде.
— Сенбілік барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, ағаштар мен жасыл желектерге күтім жасалды. Игілік-ті іске жұмыла кіріскен қала тұрғындары өз үлестерін қо-сып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Жалпы ха-лық болып жүргізілген сенбілік-тің нәтижесінде 200-ге жуық ембілік тазалық жұмыстарын жүргізіп, қала аумағынан 37 тонна қоқыс жинады. Жиналған қоқыс арнайы алаңдарға шығару үшін төрт техника тартылды, — деді қала әкімі.
Сондай-ақ ол экологиялық акция аясында қала аумағына 800 түп тал көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бүгінде оның 500 талы егілген. Ал қалғандары алдағы жұмада отырғызылады.