«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАРДАН ТАЗАРТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУІ ТИІС

Аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелдінің төрағалығымен аудан аумағындағы қар тазалау жұмыстарына байланысты жиын өтті.

Жиынға қалалық және ауылдық округ әкімдері, елді мекендердегі қар тазалау жұмыстарына жауапты мердігер мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары ауданда коммуналдық қызметтер күні-түні жұмыс жасап, кестеге сәйкес қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Округ әкімдеріне қар тазалау және шығару жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.

Жиында округ әкімдері мен жауапты мердігер мекеме басшыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімінің орынбасары жауапты басшыларға аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

Ауыл аманаты: Ақтөбе облысында 15 млрд теңгеге 2700-ден астам жоба қолдау тапты

admin_mugalzhar

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ: ҚАУІПСІЗ ҚАЛА, АЛАҢСЫЗ ТҰРҒЫН

admin_mugalzhar

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.