«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған кезде не істеу керек?

Жеке куәлік — 16 жасқа толған әрбір Қазақстан Республикасының азаматы үшін негізгі құжат. Егер ол жоғалған немесе ұрланған жағдайда қалпына келтіру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген филиалына жүгіну қажет, — деп хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған кезде не істеу керек?
Куәлікті қалпына келтіру үшін мына құжаттар қажет:
Жоғалу мән-жайы көрсетілген жазбаша өтініш (ұрланған жағдайда полиция бөлімінен берілетін талон);
Мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатынын растайтын құжат (бар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса);
Жаңа жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу.
Мемлекеттік баж салығын қалай төлеуге болады?
2025 жылы мемлекеттік баж салығының көлемі — 786,4 теңге. Оны банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде төлеуге болады.
Нені ескеру керек?
Егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалса, мемлекеттік баж салығы 1 АЕК мөлшерінде, яғни 3932 теңге болады.

Ұқсас ақпараттар

«Таза Қазақстан» акциясы: Ақтөбеде мыңға жуық ерікті World Clean Up Day аясында бірікті

admin_mugalzhar

Ұлтты ұйыстырар фактор

admin_mugalzhar

№4 ҚАНДЫҒАШ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕБІ ОБЛЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar