«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖУРНАЛИСТ-АРДАГЕРГЕ “ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

1 наурыз — Алғыс айту күні аудан әкімі Дархан Ермағанбетов “Мұғалжар” газетінің ардагері, Журналистер Одағының мүшесі, ұзақ жыл ауданның дамуы жолында елеулі еңбек сіңірген Қуаныш Кенжеғалиевке арнайы барып, “Мұғалжар ауданының кұрметті азаматы” атағының куәлігін тапсырып, кеудесіне медаль тақты.


-Сіз аудан жұрты үшін елеулі шығармашылық мұра қалдырған, ауданның тарихын түгендеп, дамуына үлес қосқан жансыз. Сол себепті де осы атаққа әбден лайықтысыз. Айтар алғысымыз шексіз. Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды, — деп өз ризашылығын білдірді аудан басшысы.
Ардагердің қуанышына ортақтасқан “Мұғалжар” газетінің ұжымы, яғни өзі тәрбиелеген шәкірттері де осы күні ағайларына барып, мерекемен құттықтап, алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.
Ұзақ жыл еткен еңбегінің еленгеніне қуанған ардагер Қуаныш Кенжеғалиев аудан әкіміне ризашылығын айтып, ақ батасын берді. Өзі талай жылдар бойы тер төккен аудандық басылымның бүгінгі ұжымына да алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.


Еске сала кетейік, Қуаныш Кенжеғалиев өмірінің 40 жылын аудан журналистикасына арнап, оның ішінде 15 жылға жуық уақыт аудан баспаханасын басқарып, “Мұғалжар” газетінде 13 жыл бойы редакторлық етіп, аудан тарихынан сыр шертер бірнеше кітапты жарыққа шығарды.

Ұқсас ақпараттар

Санжар — Bowdoin университетіне түскен алғашқы қазақ

admin_mugalzhar

2022 жылдың шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

Министрлік тұрғындарды «Бек Эйр» компаниясының ұшақтарына билет алмауға шақырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.