«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен өткен отырыста биылғы көктемгі су тасқынына қатысты төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындық мәселелері талқыланды. Отырысқа кәсіпорын және мекеме басшылары қатысты.

Ауданда су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық төтенше жағдайлар, полиция бөлімінің қызметкерлерімен, әкімшілік, ауылдық округтерде орналасқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен су басуы ықтимал елді мекендердің тұрғындарымен бірнеше рет кездесулер өткізіп, алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда Қандыағаш қаласы аумағындағы және елді мекендерде су басу қауіпі бар аймақтарды алдын алу және болдырмау мақсатындағы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Суға кету қауіпі бар аумақтардан қар шығару жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімі Дархан Жанысханұлы аудандағы өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізіп, қатаң бақылауға алуды, кез келген жағдай үшін қажетті құралдардың дайын болуын тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде несиеден өз еркімен бас тарту жүйесі енгізілмек

admin_mugalzhar

КЕЙІПКЕРГЕ АЙНАЛУ — МӘРТЕБЕ

admin_mugalzhar

ТЖ: АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.