«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕДЕ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты шараның шымылдығы ана бейнесін дәріптеп, мерейін асырған театрланған көрініспен ашылып, үлкен экраннан мәдениет үйі қызметкерлерінің ауданға белгілі аналардың үйі мен жұмыс орындарын аралап, құттықтап, құрмет көрсеткен бейнебаян көрсетілді.
Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жиналған мұғалжарлық нәзікжандыларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


-Көктеммен бірге келетін мерейлі мереке қарсаңында баршаңызды құттықтаймын! Табиғат тіршілігі көктемде басталса, адамзат тіршілігі анадан басталады. Сіздер ауданның дамуы жолында ер адамдармен бірдей иық тірестіре жүріп, еңбек етіп, бесікті де, әлемді де тербеп келесіздер, — деген ыстық ықыласын білдірген аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар әйелдер қауымына Алғыс хат тапсырды.
Сонымен бірге ауданға белгілі кәсіпкер, ұстаз Ғалима Еламановаға Мұғалжар ауданының “Құрметті азаматы” атағы беріліп, арнайы медаль табысталса, Ақаш Көшербаева Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер” төсбелгісімен марапатталды.
Ал облыс әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хаты «Әділет» қарапайым серіктестігінің төрағасы Злиха Жанбауова, Ембі аудандық ауруханасы, хирургия бөлімінің кіші буын қызметкері Гүлмирам Елькеева, «Ақбұлақ 21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға лаборанты Наталья Жапетоваларға табысталды.
Мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік шараға жиналған әйелдер қауымына әсем әннен шашу шашып, гүл шоқтарын таратып, құрмет көрсетті.

Ұқсас ақпараттар

1 миллионнан астам қазақстандық несие алушы «қара тізімнен» шығарылды

admin_mugalzhar

Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда 42 500 теңге өсуі мүмкін

admin_mugalzhar

Тоқаев мемлекеттік туға қатысты заңды өзгерту керегін айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.