«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНЕ КӨРІСІП БАРДЫ

Бүгін 14 наурыз — Көрісу күні аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қала аумағындағы мекемелерді аралап, жұмысшы мамандық иелеріне көрісіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Ардагерлерлерді ардақтаған өнерпаздар алдымен аудандық ардагерлер кеңесіне бас сұғып, ақсақалдардың батасын алды. Содан кейін “Коммуналшы”, “Неохим”, “Мирас” өндіріс орындарына барып, еңбек адамдарымен көрісіп, ән мен жырдан шашу шашты.
Орталық базардағы сатушыларға да көрісіп барған өнер иелері жарапазан айтып, келушілерді де мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕМЕК

admin_mugalzhar

КІТАПХАНА: “АЛҒЫС ПЕН РИЗАШЫЛЫҚ” ШАРАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЖҮН ДЕ ТҮТІП, КІРПІШ ТЕ ШЫҒАРҒАН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar