«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙ

Жұрын ауылында Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле-Ұлыстың ұлы күні» атты мәдени көпшілік мерекелік шара өтті.
Аталған іс-шарада округ әкімі Рамазан Үргенішбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғазы Дүзбаев, Аналар кеңесінің мүшесі Рабиға Ерғалиева жиналған қауымды мерекемен құттықтап, баталарын берді. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігімен 100 литр көже асылып, тұрғындарға тартатылды.
Рамазан айымен тұспа-тұс келген ұлттық мейрамда спорттық ойындар ойналып, ауыл жастары алтыбақан теуіп, асық атып, ерлер мен әйелдер арасында қол күрес сайысы өтіп, қой көтеруден жарыстар ұйымдастырылды. Ал үздік өнер көрсеткен жеңімпаздарға ақшалай сый-сияпат көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢ АЛҒАШ ӘЛІППЕ ҰСТАТҚАН…

admin_mugalzhar

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕСИЕСІ КЕШІРЕЛЕ МЕ?

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

admin_mugalzhar