«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қыс мезгілінде аудан аумағында қар тазалаумен айналысқан мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті. Кездесу барысында келісім-шарт бойынша жасалатын жұмыстардың жоспары талқыланды.

Сонымен қатар аудан басшысы аудандық маңызы бар және қала, ауылішілік автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарына жауапты мердігерлерге аудандағы жолдардың уақытылы, әрі сапалы жөнделуіне басты назар аудару қажет екендігін айтты.

Кездесу соңында аудан әкімі жауапты мердігер басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде «Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН

admin_mugalzhar

Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді

admin_mugalzhar