«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Ақтөбелік жастар мен еріктілер облыс орталығындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі жарнамалары бейнеленген граффиттерді өшірді.

Іс-шара «НаркоStop» атауымен ұйымдастырылды. Басты мақсат – есірткі заттарының таралуына жол бермеу, азаматтардың жауапкершілігін арттыру.
Есірткіге тәуелді ететін құралдардың бірі – жарнама. Сондықтан оның таралуына қарсы жазуларды бояуға 200-ге тарта ерікті қатысты. Науқанды Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы, Ақтөбе қаласының полиция басқармасы және қалалық прокуратурамен бірлесе ұйымдастырды.
Акция қатысушылары қала тұрғындарын осындай жазбаларды бояп, өшіруге шақырады.

Ұқсас ақпараттар

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР – ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

Ұлттық құндылық аса маңызды

admin_mugalzhar

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

admin_mugalzhar