«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қайсар қыз Әлияның ерлігіне арналған тұңғыш қойылым сахналанады

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай, мерген қыздың ерлігі мен өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өрілмек.

7 мамырда көрерменге жол тартатын мюзикльде Әлияның жарқын бейнесі жан-жақты жеткізіледі. Қойылымдағы ерекше образдың бірі – «Ажал» кейіпкері. Батырдың тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынау арқылы көрсетіледі.

Тарихи биографиялық көріністе қаршадай қыздың қайсарлығы мен Отанға деген өшпес махаббаты драмалық тартыстармен беріліп, әсерлі диалогтар арқылы жеткізіледі.

Жаңа мюзиклдің қоюшы режиссері — Есләм Нұртазин. Әлияның рөлін Ажар Жәрденбекқызы және Фатима Бердібекова сомдайды.

Ұқсас ақпараттар

«237 миллиард теңге қажет»: Қанат Бозымбаев су тасқыны бойынша Мемлекет басшысына есеп берді

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

admin_mugalzhar

ӘСКЕРИ СОТ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ

admin_mugalzhar