«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАХТАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАУАПТЫ КЕНЖЕГҮЛ

Кенжегүл ЖІГІТОВА – «Altynex Company» АҚ-ның Бас механик бөлімінің оқпанға қызмет көрсету және жөндеу учаскесінде көтеру қондырғысының жүргізушісі. Ол бұл жауапты қызметті абыроймен атқарып қана қоймай, өзінің кәсібилігі мен тәжірибесі арқылы еңбек жолында көптеген әріптестеріне үлгі көрсетіп жүр.

Жұмысшы-машинист Кенжегүл бұл мамандықты Кентау қаласында оқып, тәжірибеден Ақмола облысындағы Ақсу кен орнынан өткен. 1989 жылы еңбек жолын аудандағы Алтынды шахтасында бастаған маман бүгінге дейін шахта техникасын басқаруда тәжірибесі мол, жауапкершілігі жоғары маман ретінде жұмысынжалғастырып келеді. Ол шахтадағы жүктер мен жұмысшылардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етіп, қондырғының үздіксіз және сенімді жұмысын қадағалайды.

Көтеру қондырғысын басқару – тек техника емес, үлкен жауапкершілік. Әр бөлшекке мұқият қарап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауым қажет. Біз жүйеге енгізілген компьютер арқылы шахта лифтісінің қай жерде кетіп бара жатқанын, оның салмағының талапқа сәйкестігін қадағалап отырамыз. Сондай-ақ, күніне бірнеше мәрте көтеру-түсіру операциясы орындалады. Әр рейстен кейін құрылғының дыбысына, қозғалысынамән беріп, қалыпты жұмыс ырғағын бақылаймыз. Кез келген күмәнді белгі байқалса, бірден тиісті мамандарға хабарласып, қауіпсіздікті бірінші орынға қоямыз, — деді Кенжегүл Жігітова.

Әріптестерінің пікірінше, Кенжегүл Құлбайқызы өз ісіне берілген, жауапкершілігі жоғары маман. Және де оның кәсібилігі мен мұқияттылығының арқасында оқпанның көтеру қондырғысы сенімді жұмыс істеп тұрғанын айтады. Өзі нәзікжанды болса да шахтадағы техникалық қауіпсіздік пен үзіліссіз жұмыс – оның кәсіби өмірінің басты қағидатына айналған. Кенжегүл Жігітова тағдырдың тауқыметіне қарсы тұрған мықты ана. Жолдасы ерте қайтыс болса да, жалғыз қызын өзі өсіріп, тәрбиелеген, бүгінде екі жиен немере көріп отыр. Ол жақын арада құрметті зейнеткерлікке шығады. Деседе,өз тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, жұмысқа адал қызмет етуді жалғастыруда.

Ұқсас ақпараттар

Алик ГАЗИЕВ: ҰЛТЫМ — ШЕШЕН, РУЫМ — ЖЕКЕЙ

admin_mugalzhar

ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденімен наградтады

admin_mugalzhar

АЖЫРАСУ — БАЛАҒА ҮЛКЕН СОҚҚЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.