«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ БОКСШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Ақтөбе қаласында Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен бокстан жасөспірімдер арасында аудандық командалар лигасы өтті.

Жарысқа облысқа қарасты 12 ауданның командасы қатысты. Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қарсыластарының алдын орап аудандық командалар лигасының жеңімпазы атанды. Жеңіс тұғырынан көрінген команда сапында Арсен Аманжолұлы, Мәди Аманхан, Уәли Алламберген, Айдын Өтегенов, Артур Смағұл, Жандос Оңалбай, Исмаил Аманғали, Ақжол Баянас және Мансур Дәулеткерей өнер көрсетті.

Командалық жарыста топ жарған Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы ұйымдастырушылар тарапынан кубокпен, медальдармен, дипломмен және 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Шәкірттерін жеңіске жетелеген бокс бөлімінің жаттықтырушысы Еркебұлан Тұрсынбаев «Үздік жаттықтырушы» номинациясына ие болды.

Ұқсас ақпараттар

Электронды күнделік қолданыста

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ: БАСПАНА КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar