«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ауданымызда спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып, түрлі деңгейдегі додаларда ел мерейін үстем етіп жүрген спортшылар мен олардың бапкерлері аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтің қабылдауында болды.
Кездесу барысында аудан басшысы спортшылардың жеткен жетістіктеріне тоқталып, олардың қай спорт түрімен айналысатыны, алдағы жарыстарға дайындығы жөнінде сұрады. Ол аудан әкімдігі тарапынан спорт саласына тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.


Қабылдауға қатысқан спортшылардың қатарында боксшылар, дзюдошылар, волейболшылар мен шахматшылар болды. Жас спортшылардың табандылығы мен ерік-жігеріне ризашылығын білдірген аудан басшысы оларды алғыс хаттармен, медальдар және сертификаттармен марапаттады. Сонымен қатар үздік нәтижеге қол жеткізген 9 спортшыға арнайы “Жыл үздігі” төсбелгісі табысталды.
– Сіздер өз ерік-жігерлеріңіз бен шеберліктеріңіздің арқасында аудан абыройын асқақтатып жүрсіздер. Бұл табыстарыңыз алдағы уақытта да биік белестерге жеткізеді деп сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және жаңа жетістіктер тілеймін, – деді Дархан Ермағанбетов.
Кездесу жылы жүздесу мен ізгі тілектерге ұласып, спортшылар мен жаттықтырушылар аудан басшысына қолдау мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАНАРЫСТЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕ

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қаржы ашықтығы жолында: Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі іске қосылды

admin_mugalzhar

32-дүниежүзілік қысқы Универсиада – 2025 салтанатты ашылуы өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.