«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2022-2023: ЖАҢАЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІС

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылын ұзартуға арналған бұйрық жобасын әзірледі. Аталған бұйрық жобасы орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңін айқындайды.
Бұйрыққа сәйкес, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 апта болса, 2-11 (12) сыныптарда 36 апта оқиды. Оқу жылы ішіндегі каникулдардың кезеңі де белгіленіп отыр. Олар: күзгі каникул — 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны — 6 қарашасы аралығында); қысқы — 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығында); көктемгі — 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығында); 1-сыныптарға қосымша каникул — 7 күн (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығында) беріледі. «Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, «күрделі» тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді», — делінген жобада. Сондай-ақ, жазғы уақытта каникул күндерін қысқартудың нәтижесінде құқықбұзушылық азаяды деген болжам бар.
Білім және ғылым министрлігі Оота білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға түзету енгізуді де жоспарлауда. Мектеп формасына қойылатын талаптар төмендегідей. Пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе құлпы бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық блузка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Еркін, кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар жатады. Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының ерекше белгілерін (эмблемасын, патчтарын, шеврондарын және т.б.) тағуға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсін, стилін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілген кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) анықтайды. Бұл ретте жеке мектеп формасын өндірушілердің артықшылығына жол берілмейді.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘРТІСТЕРІ «ӘПКЕ» СПЕКТАКЛІН ҰСЫНДЫ

admin_mugalzhar

АУДАННЫҢ «КІШКЕНТАЙ БІЛГІРЛЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.