«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында коммуналдық қызметкерлер күніне орай Ембі қалалық мәдени орталығының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Мерекелік шара аудан әкімі Дархан Жанысханұлының құттықтауымен басталды.
Аудан әкімі жиынға жиылған ағайынды мерекелерімен құттықтап, қаланың шаруашылық саласында еңбегі еленген жандарға төсбелгі табыстап, Алғыс хаттармен марапаттады.
Қала әкімі Райымбек Мұсағали да шараға қатысушыларға өз атынан Алғыс хаттар тапсырды. Шара барысында «Ембі жылу» мекемесінің директоры Берік Нұртаев та әріптестеріне алғыс айтып, мекеме қызметкерлерін марапаттады.
Еңбек адамдары елеулі істері ұлықталған мерекелік шара соңы Ембі қалалық мәдени орталығының қызметкерлерінің дайындаған концертіне ұласты.

Ұқсас ақпараттар

Еңбекке жарамсыздық парағы электронды нұсқаға ауыстырылмақ

admin_mugalzhar

Биыл 20 ақтөбелік жас «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иеленеді

admin_mugalzhar

Қазақстанда 80 су құбыры жаңартылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану артты

admin_mugalzhar