Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенамановтың төрағалығымен алаяқтық қылмыстың алдын алу бойынша жиналыс өтті.
Жиналысқа Ақтөбе облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Жәнібек Шагиров, Мұғалжар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мұрат Омарғалиев және мекеме қызметкерлері қатысты.
Жиналыс барысында бүгінгі таңда алаяқтықтың ең көп таралып жатқан қауіпті түрі – ол интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс екені айтылды.
Интернет желісіндегі алаяқтар өз қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін әлеуметтік желілерді кең пайдаланып отыр.
Кездесу барысында жауапты қызметкерлер интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың құйтұрқы әдіс-тәсілдері жайында баяндап, айтылған мәселелердің алдын алу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар тақырып аясындағы кездесу №3 Қандыағаш қалалық мектеп-гимназиясының және «Кентавр» ЖШС-інің ұжымына өткізілді.