«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Ембі қаласында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Шараға мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, білім беру саласының өкілдері,
сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысып, қаланың әр аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, ағаштар мен жасыл желектерге күтім жасалды. Игілікті іске жұмыла кіріскен қала тұрғындары өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Айта кету керек, “Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда. Осыған байланысты қала әкімдігі барлық тұрғындарды табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға және әрбір тұрғын үй иесін өз ауласын ұқыпты әрі таза ұстауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА ЕКІ АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

admin_mugalzhar

Артық қаржыландыруды тоқтату қажет: Олжас Бектенов жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялаудағы алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды пысықтауға бір апта уақыт берді

admin_mugalzhar

Ақтөбе көш бастады

admin_mugalzhar