«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Дүйсенбіде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров облыстық білім саласының бірқатар қызметкерлерін қабылдап, Құрмет грамоталарын табыс етті. Солардың қатарында мұғалжарлық Жадыра Құрманова да бар.

«Елеулі еңбегіңіз, жоғары кәсіби біліктілігіңіз, белсенді азаматтық ұстанымыңыз және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесіңіз үшін, сіз 2025 жылғы 27 қаңтардағы Өкіммен Ақтөбе облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдыңыз» делінген Құрмет грамотасында. Айта кетейік, Жадыра Асқарқызы Қандыағаш қаласындағы «Күншуақ» балабақшасында 5 жылға жуық уақыттан бері меңгерушілік қызмет атқарады. Бұған дейін №3 мектеп-гиназиясында информатика пәнінің мұғалімі, «Қарлығаш» балабақшасында әдіскер болып жұмыс жасаған.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

admin_mugalzhar

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды.

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.