«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тазалық — өзімізден басталуы қажет

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөйлеген сөзінде тазалықтың мәні мен мағынасы жайындағы пікірімен бөлісіп, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші деп баға берді. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет екенін үнемі айтып келе жатқанын еске салды.
– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы, – деді Президент.
Президент өз сөзінде бүгінгі жиынның маңызына тоқталып, «Тазалық» фестивалі өте тағылымды іс-шара екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін де ерекше атап өтіп, ризашылығын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті

admin_mugalzhar

ӘКЕ АМАНАТЫН АРДАҚТАҒАН АЗАМАТ

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ — ОРТАҚ МАҚСАТҚА ҰЙЫСТЫРАТЫН БІРЕГЕЙ ҚҰРЫЛЫМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.