«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ: 80 ТҮП ҚЫЛҚАНЖАПЫРАҚТЫ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Қандыағаштықтар апта басын игі іспен бастап, жаппай тал отырғызу шарасын өткізді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан орталығындағы Сәкен Сейфуллин көшесі мен Жеңіс даңғылы қиылысында орналасқан саябаққа қала аумағындағы барлық мекеме мамандары Жеңістің 80 жылдығына орай 80 түп қылқанжапырақты тал көшеттерін отырғызды.
Қала аумағын көгалдандырып, жасыл желекке айналдыруға бағытталған шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов бастаған барлық бөлім басшылары, мекеме-кәсіпорындардың жұмысшылары, студенттер қатысты.
Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр саябаққа отырғызылған шырша көшеттерін «КазТермоГруп», «Кентавр», «Ақтөбе мұнай маш комплект» ЖШС-нің басшылығы демеушілікпен алып бергенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау жаңа Конституция Преамбуласынан көрініс тапты

admin_mugalzhar

АТАМ ЖАСАҒАН ҰРШЫҚ — ҚҰНДЫ ДҮНИЕ

admin_mugalzhar

«КАЗГЕОРУДТАН» БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar