«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АТАМ ЖАСАҒАН ҰРШЫҚ — ҚҰНДЫ ДҮНИЕ

Жалпы өзім бала кезімнен анамның қолынан жүн мен ұршықтың түспейтінін көріп өстім. Ал келін болғаннан кейін енемнің көрпе, көпшік секілді тұрмысқа қажетті дүниелерді дайындайтынына куә болдым. Келін болып түскеннен кейін енемнен ұршық иіріп, тоқыма тоқуды үйретуін сұрадым. Үйреніп алғаннан кейін енемнің ұршығына маза бермей, жүн иіруден қолым босамайтын. Осы әрекетімізді байқаған қайын атам маған өз қолымен ұршық жасап берді.

Сол ұршықпен жіпті иіріп, жолдасым мен балаларыма шұлық, қолғап секілді қажетті нәрселерді тоқып беретінмін. Алайда бүгінде жұмыс бабымен ұршығымды қолыма сирек аламын. Дегенмен арасында қыз-келіншектерге ұршықпен жүнді қалай иіру жолдарын көрсетіп, білгенімді үйретуге тырысамын.

Жақында немеремнің барып жүрген балабақшасы іс-шара ұйымдастырып, әжелерді қонаққа шақырды. Сол шарада қой жүнінен дайындалатын өнімдердің техникасы, оның денсаулыққа пайдасы туралы кеңінен мағлұмат беріп, отбасымыздың құнды жәдігеріне айналған ұршықты көрнекілік ретінде пайдаланып, жіп иіріп көрсеттім. Жас ұрпақ атабабамыздан қалған дәстүр мен ғұрыпқа қанығып өскені дұрыс деп есептеймін. Сол себепті де немерелерімді барынша қазақылыққа тәрбиелеймін.

Бүгінде атамның өмірден озғанына 13 жылдай уақыт болды. Атамның жасап берген ұршығы отбасылық мұрағатымыздың құнды жәдігеріне айналды. Болашақ келіндеріме де ұршық иіруді үйретемін және аманаттаймын. Олар да бұл ұршықты көздерінің қарашығындай сақтайды деген үміттемін.

Гүлмира ҚАЛИЕВА, Талдысай ауылы

Ұқсас ақпараттар

11 наурызға арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың 4 ауыз сөзі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.