«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«КАЗГЕОРУДТАН» БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ

ҚАЙЫҢДЫ ЖӘНЕ ҚОПА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ 40-ТАН АСТАМ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН «КАЗГЕОРУД» КОМПАНИЯСЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА СЫЙЛЫҚТАРМЕН ҚУАНТТЫ. КОМПАНИЯ ҮШІН ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН БҰЛ ҮРДІС БІРНЕШЕ ЖЫЛДАН БЕРІ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ.
«КазГеоруд» компаниясы 40-тан астам балаға оқу үшін қажетті құралдар салынған мектеп сөмкелерін табыс етті. Сондай-ақ кәсіпорында жұмыс істейтін көпбалалы отбасылар мен баласы биыл бірінші сыныпқа барған қызметкерлерге мектеп құралдары және ақшалай көмек көрсетілді. Бұл қолдау бірнеше балалары бар отбасылар үшін жаңа оқу жылының басында үлкен демеу болары сөзсіз.
— Мұндай шаралар — бір реттік бастама емес, «КазГеоруд» компаниясының қалыптасқан дәстүрі. Жыл сайын жақын маңдағы ауыл балаларына 1 қыркүйек пен Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтар тарту етіп отырамыз. Бүгінде компанияның қолдауымен Қайыңды ауылында шағын футбол алаңы салынып, балабақшаға ойын алаңы орнатылды. Сондай-ақ Қайыңды мен Алтынды мектептері үшін спорттық жабдықтар сатып алып бердік, — деді компания өкілі.

Ұқсас ақпараттар

ДӘРІГЕР РАДИНАҒА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

admin_mugalzhar

4 АУЫЛҒА ТАЗА АУЫЗ СУ БЕРЕТІН ҰҢҒЫМА ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Ішкі істер министрлігі үндеу жасады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.