«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЛ ДОБЫ ШЕБЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14-21 сәуір күндері Ташкент қаласында қол добынан орта Азия чемпионаты өтті.
Осы чемпионатта Ақтөбе қаласының «Елек» қол добы клубы өнер көрсетті. Команда сапында Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Алмаз Кожамуратов, Әсет Қали, Ержан Кенжебаев және қандыағаштық Дархан Тоқтарбаев, Шоқан Сүйіндіков ойнап, «Елек» командасымен жүлделі ІІ орынды иеленді.


Жүлдегер атанған спорт мектебінің жаттықтырушыларын бүгін Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талғат Жұманбетов бастаған ұжым қызметкерлері және спорт мектебінің тәрбиеленушілері теміржол вокзалынан сән салтанатымен күтіп алды.

Ұқсас ақпараттар

Әлем чемпионаты: Бокстан Абылайхан Жүсіпов қола жүлде иеленді

admin_mugalzhar

АҚСУ АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БҰЛАҚТЫДА ӨТТІ

admin_mugalzhar