«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КІТАП — ДӘУІР АЙНАСЫ

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде «Кітап — дәуір айнасы» атты рухани-мәдени маңызы зор мерекелік шара ұйымдастырылды.
Кітаптың қоғамдағы орнын дәріптеу, оқырман мәдениетін арттыру және кітапхана ісіне үлес қосып жүрген жандарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға ардагерлер, қоғам белсенділері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Шара «Кітапханашылар шеруі» және Б.Жақыптың «Кітап туралы ой» атты туындысымен ашылды.
Сонымен қатар Мұғалжар аудандық орталық кітапханасының рухани-мәдени қызмет жолындағы еңбегі ерекше атап өтіліп, кітапхана атынан «Үздіктер салтанаты» ұйымдастырлып, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина құттықтау сөз сөйлеп, үздік оқырмандарды марапаттады. Атап айтар болсақ, «Кітапқұмар жұлдызы» номинациясымен зейнеткер Балсүйген Ибрашева, «Оқырман залының үздігі» номинациясына Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының 2-курс студенті Нұрбол Қорған, «Үздік оқырман отбасы» номинациясына аудандық орталық және балалар кітапханасының белсенді оқырмандары Серікбаевтар отбасы, «Үздік кішкентай оқырман» аталымына аудандық балалар кітапханасының оқырманы Айша Бекмұрат ие болып, барлық жеңімпаздарға арнайы статуэткалар мен марапаттар табысталды. Мерекелік кештің екінші бөлімі жергілікті қаламгер Аманкелді Қалиұлы Шунимовтың шығармашылығына арналды. «Қалмаққырған», «Есімде әлі сол бір кез…», «Дара тұлға» сынды еңбектері арқылы оқырманға кеңінен танылған автордың «Есімде әлі сол бір кез» кітабының таныстырылымы өтті. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының иегері, өңір руханиятына зор үлес қосып жүрген қаламгерді ұйымдастырушылар құрметпен сахна төріне шақырып, шығармашылық сұхбат өткізді. Сұхбат барысында қаламгердің замандастары мен оқырмандарынан видео-жолдаулар көрсетілді. Бейнероликте Аманкелді Шунимов туралы жылы лебіздер мен пікірлер айтылды. Шара соңында Сәуле Хамзина қаламгерді мерекемен құттықтап, иығына дәстүрлі шапан жапты.

Ұқсас ақпараттар

299 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

Күзде иммунитетті қалай нығайтамыз?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.