«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысының делегациясы Қытайда әлеуетті инвестициялық жобаларды таныстырды

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және облыс делегациясының өкілдері энергетика, металлургия және машина жасау салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Кездесулер Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен өтті.

Қытайға іскерлік кездесулерге қатысуға барған делегация құрамында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, SM Minerals, «AqtobeCem» ЖШС, «Зерде-Керамика» ЖШС, «ВЕСТ СНАБОПТТОРГ» ЖШС, «КЗНО» ЖШС, «ФИБС» ЖШС, «Казахстанская нерудная компания» ЖШС, «Ramazan», «Эко-Техникс Ақтөбе» ЖШС, «М8 Duty Free» ЖШС, «ҚазМеталлГрупп» ЖШС және «Aqtobe Steel Production» ЖШС сияқты компаниялар бар.

Бүгінгі таңда қол жеткізілген негізгі келісімдер – жел электр станцияларын салу, никель, кобальт және темір кендерін өндіру мен өңдеу бойынша өңдеу кәсіпорындарын іске қосу, сондай-ақ энергетика мен мұнай-газ саласына арналған жабдықтар өндірісі жобалары.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Бұқара-Орал» магистралды газ құбырының жаңа желісін салу барысымен және «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысты

admin_mugalzhar

Жеке куәлік пен төлқұжат: 2024 жылы құжаттар қанша тұрады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының 2 000 ауыл оқушысы өз арманының жарыс жолына түседі! IQanat Олимпиадасы басталуда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.